scholarly journals Әдебиет теориясы. Антология» еңбегіндегі әдебиеттану мәселелері

Author(s):  
Құралай Темірбекқызы Жанұзақова ◽  
Бекзат Ғабитқызы Қалдыбаева

Мақалада Президент бастамасымен жүзеге асқан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында жарық көрген «Әдебиет теориясы» атты бес томдық кітаптағы келелі теориялық мәселелердің қазақ әдебиетінде жаңаша көріну сипаттары мен әдебиеттану ғылымындағы орны мен маңызы қарастырылады. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттану ғылымының даму тенденциясы да пайымдалады. «Әдебиет теориясы. Антология» еңбегіндегі әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы тың теориялық, философиялық, эстетикалық мәселелері, пайымдалады. Әлемдік әдеби процесс пен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаһандық әдебиеттегі заманауи жаңа теориялар және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты қарастырылады. Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер қаралады. Әдеби байланыстардың түрлі жолдармен жүзеге асып отыруы, әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, бағдары мен бағыттары талданады. Әлем әдебиетін жаңа көзқарасбен талдайтын шетелдік авторлар мақалаларының бүгінгі дүниежүзілік әдебиеттанудағы орны бағамдалады. Мақалада аталған оқулықтағы бүгінгі әлемдік әдебиет теориясының даму бағыттары да сөз болады. Бұл бағыттардың қазақ әдебиетінде қаншалықты өріс алғаны кеңінен тұжырымдалады.

Sign in / Sign up

Export Citation Format

Share Document